Жалпы ақпарат
Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік касіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылы 13 қазандағы №820 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан бөліп шығару жолымен құрылды.
Кәсіпорынның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті болып табылады.