Кәсіпорын қызметінің мәні спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің максаты еркін күрес, грек-рим күресі, әйелдер күресі, таеквондо, дзюдо, WKF каратэ бойынша спорт шеберлігін арттыру үшін спортшылардың жыл бойындағы орталықтандырылған даярлығын ұйымдастыру және өткізу, бұқаралык, дене шынықтыру-спорт козғалысын дамыту үшін спорт ғимараттары мен жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану, ұйымдар мен халыққа дене шынықтыру-спорттық қызметтер көрсету болып табылады.
Кәсіпорын қойылған мақсатты іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысуға арналған спорт ғимараттарын және жабдықтарды күтіп ұстау, оларға қызмет көрсету және пайдалану;
2) спорттық, оқу-жаттығу сабақтары мен жиындарын, мәдени- бұқаралык, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық іс-шараларды, ғылыми конференциялар, форумдар мен семинарлар ұйымдастыру, өткізу жане оларға қызмет көрсету