(1996 жылы 7 ақпанда туған) - грек-рим күресі бойынша қазақ балуаны. Әлем чемпионатының жүлдегері.
Спорттық мансап:
Айдос Сұлтанғали Қызылорда қаласында тұрады, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Юн және Ғабиден Райымбекпен бірге жаттығады.
Кадеттер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2012), кадеттер арасындағы Азия чемпионы (2013) және жасөспірімдер арасындағы (2016), сондай-ақ жабық ғимараттағы және жекпе-жек өнері бойынша Азия ойындарының қола жүлдегері (2017).
Спорттық нәтижелер:
2017 жылғы әлем чемпионаты (23 жасқа дейін) Быдгощ (Польша) – қола (59 кг дейін)
2018 жылғы әлем чемпионаты Будапешт (Венгрия) – қола (60 кг дейін)
2021 жылдың күрес бойынша Азия чемпионаты (Алматы) – алтын (60 кг дейін)
2022 жылғы әлем чемпионаты Белград (Сербия) – қола (60 кг дейін)