1) Орталықта олимпиадалық дайындық қандай спорт түрлері бойынша жүзеге асырылады?
Орталықта күрестің 6 түрі бойынша дайындықтар жүргізілуде: еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, дзюдо, каратэ, таеквондо.
2) Орталықты құру мақсаты?
Орталықты құрудың мақсаты - спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру үшін жыл бойы орталықтандырылған даярлықты ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
3) Орталықтың міндеттері қандай?
спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру және халықаралық спорт аренасында табысты өнер көрсету;
спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама немесе құрама командаларының негізгі құрамына кандидат-спортшыларды іріктеу және даярлау;
оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижелерін талдауды, дене қасиеттерін дамытудың жеке көрсеткіштерінің өсу серпінін, спортшылардың техника-тактикалық даярлау деңгейін арттыруды жүзеге асыру.
4) Спортшыларды орталыққа қабылдауға қандай талаптар қойылады?
Олимпиадалық даярлау орталығының спорт түрлері бойынша жасөспірімдер, юниорлар және жастар жасындағы спортшылары және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының (біріншіліктерінің) немесе халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына кіретін спортшылар.
5) ОДО-қа қабылдау кезінде спортшылар қандай құжаттарды тапсырады?
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
спорттық атақ беру туралы куәліктің көшірмесі;
медициналық картаның, республикалық спорттық медицина және оңалту орталығының немесе дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің спортшының денсаулық жағдайы және оның осы спорт түрімен айналысу перспективасы туралы қорытындысының көшірмесі;
спортшының жеке карточкасы
спорт ұйымының тұрақты құрамына қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі;
спорттық нәтижелердін растауы (жарыс хаттамасының көшірмесі).
6) ОДО спортшылары қандай негіз бойынша оқудан шығарылады?
жеке жоспарға сәйкес жарыстарда медальдар мен орындарды жеңіп алу бөлігінде спорттық нәтижелердін төмендеуі;
медициналық қорытынды негізінде денсаулық жағдайы бойынша;
тыйым салынған субстанциялар мен тыйым салынған әдістерді қолдану;
Орталықтың ішкі тәртібін бұзу.