Қазақстандық жас дзюдошылар Азия чемпионатында 15 медаль жеңіп алды

Қазақстандық жас дзюдошылар Азия чемпионатында 15 медаль жеңіп алды

2026 жылғы 16-17 шілде аралығында Иорданияның Амман қаласында кадеттер арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті.

Құрлықтық додада «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 2 алтын, 7 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.

Алтын медаль иегерлері:
Кеңесбек Ернат (-55 кг)
Габитова Сара (-70 кг)

Күміс жүлдегерлер:
Болатбек Бекзат (-66 кг)
Алтай Айша (-70 кг)
Ғабдұлманап Наргиз (+70 кг)
Мәулетхан Нұралы (-73 кг)
Тәңірберген Шыңғысхан (-90 кг)
Джумабай Ердаулет (+90 кг)
Сарсенова Аружан (-57 кг)

Қола жүлдегерлер:
Жандарбай Каусар (-40 кг)
Серікқали Бақдаулет (-50 кг)
Сахабадин Інжу (-44 кг)
Газизов Рауан (-55 кг)
Серікболат Рамиля (-52 кг)
Амангелді Ұлан (-73 кг)

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушысы - Баймаханбетов Мейірлан.

Қазақстандық жас дзюдошылар Азия чемпионатында 15 медаль жеңіп алды