«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-ның кадеттер құрамасының дзюдошылары алдағы Азия және әлем чемпионаттарына дайындық аясында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.
Жаттығу жиыны Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылды. Спортшылардың сапалы дайындалуына барлық қажетті жағдай жасалған: заманауи жаттығу залдары, швед үстелі форматындағы тамақтану жүйесі және қонақүйдегі жайлы жатын орындар.
Еске салсақ, кадеттер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты 16–17 шілде күндері Иорданияның Амман қаласында өтеді. Ал кадеттер арасындағы әлем чемпионаты 20–23 тамыз аралығында Эквадордың Гуаякиль қаласында өтеді деп жоспарлануда.