2026 жылғы 18–19 шілде аралығында Иорданияның Амман қаласында юниорлар (жастар) арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті.
Құрлықтық додада «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 5 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Алтын медаль иегерлері:
Сейтжанова Айнара (-48 кг);
Зайнул Нұрбала (-52 кг);
Қайрғали Ролан (-66 кг);
Тұрлыбек Гүлсезім (-78 кг);
Ерұланұлы Санжар (-100 кг).
Күміс жүлдегерлер:
Асылханова Дамеля (-63 кг);
Ержанов Ерасыл (-66 кг);
Закиров Мухамедали (-73 кг);
Махатова Руслана (+73 кг).
Қола жүлдегерлер:
Наукенова Айзат (-48 кг);
Абиханова Айдана (-63 кг);
Бітімбай Шынар (-70 кг).
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушылары: Карпыков Данияр, Мырзай Бақнұр, Сами Чоучи.