Бүгін – даңқты спортшы, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні.
Грек-рим күресінің шебері көзі тірі болғанда 75 жасқа толар еді.
Грек-рим күресінен 29 жасында Олимп шыңын бағындырған тұңғыш қазақ баласы туралы кезінде Дінмұхамед Қонаев атамыз былай депті:
«Мен тарихта қалармын, бәлкім қалмаспын. Бірақ бір жапырақ болса да ел мен жердің атын шығарған Жақсылықтай жігіттер қазақтың тарихында алтын әріппен жазылатыны сөзсіз».
Аңыз адамның есімі мәңгілік ел есінде!