AҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында грек-рим күресінен ұлттық құрама мүшелері жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына бірнеше медаль салды.
Юсуф Ашрапов (72 кг) финалда армениялық Гаспар Тертерянды 4:3 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Айбек Айтбеков (60 кг) шешуші белдесуде әзірбайжандық Елмир Алиевтен 13:4 есебімен басым түсіп, алтын медальді қанжығасына байлады.
Темірлан Тұрдақын (87 кг) күміс жүлдегер атанса, Жұма Арсен (55 кг) мен Джохар Узаров (130 кг) қола жүлдеге ие болды.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК түлектерін Орталық атынан құттықтаймыз!