Қазақстан құрамасы күрес түрлері бойынша U15 Азия чемпионатында 20 медаль еншіледі

Қазақстан құрамасы күрес түрлері бойынша U15 Азия чемпионатында 20 медаль еншіледі

2026 жылдың 27-29 маусым аралығында Тайландтың Паттайя қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты U15 өтті.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК спортшылары грек-рим күресі бойынша 3 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль, әйелдер күресі бойынша 3 қола медаль, ал еркін күрес бойынша 1 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінен Ким Роллан (48 кг), Қанатбай Даниал (52 кг), Мұратов Ерали (85 кг) Азия чемпионы атанды. Осман Айтуған 57 кг салмақ дәрежесінде екінші орынға табан тіреді. Ал қола жүлдені Исмагулов Берекет (38 кг), Жақсылық Райымбек (41 кг), Амангелді Нұралы (44 ккг) және Бәкір Руслан (68 кг) иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Бапкерлер құрамы: Жанбиров Асхат - аға жаттықтырушы, Кустубаев Азамат, Тұрсынов Жарқын - жаттықтырушылар.

Әйелдер күресі бойынша спортшылар қола жүлделерді қанжығаға байлады: Жамсапқызы Раян (46 кг), Мехдиева Джамиля (50 кг) және Киримова Эльнара (66 кг) үздік үштіктен көрінді.

Бапкерлер құрамы:

Хамитов Заманбек - аға жаттықтырушы,

Садыбеков Арман - жаттықтырушы.

Еркін күрестен Абдыкарым Мирас (41 кг) Азия чемпионы атанып, алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлдені Заманбек Бектөре (44 кг), Серік Амир (48 кг), Зейналов Наиль (68 кг) және Сүлеймен Ерсұлтан (75 кг) иеленді. Сондай-ақ, Салават Дамир (38 кг), Абдыкарымов Мадияр (52 кг), Түзелбаев Бибарыс (57 кг) және Цицкиев Зелимхан (85 кг) қола жүлдегер атанды.

Жалпыкомандалық есепте еркін күрес шеберлері екінші орынды иеленді.

Бапкерлер құрамы:

Мұхтарбекұлы Жасұлан - аға жаттықтырушы,

Найзабеков Нұрсұлтан, Лекеров Айдос - жаттықтырушылар.

Қазақстан құрамасы күрес түрлері бойынша U15 Азия чемпионатында 20 медаль еншіледі