Бүгін «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлеріне Астана қаласы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің өкілінің қатысуымен терроризмге қарсы қорғаныс тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында маман терроризм қатерлерінің алдын алу, күдікті жағдайларда әрекет ету алгоритмдері және қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде маңызды ақпаратпен бөлісті. Қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік ұсыныстар алды.