Бүгін, 10 қазан күні «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында дәстүрлі сенбілікке шықты.
Акция аясында ұжым мүшелері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, аумақ қоқыстан тазартылып, айнала ретке келтірілді, сондай-ақ ескерткіш шаңнан тазартылды.
Аталған шара қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.