Астанада алғаш рет Полицейлер арасында еркін күрестен «Wrestling Stars League» халықаралық турнирі өтеді

Астанада алғаш рет Полицейлер арасында еркін күрестен «Wrestling Stars League» халықаралық турнирі өтеді

21 қараша күні Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында әлемнің түрлі елдерінен келген Полицейлер арасында еркін күрестен «Wrestling Stars League» халықаралық турнирі өтеді.

Турнирдің басты мақсаты – халықаралық деңгейдегі еркін күрестің үздік шеберлерін бір кілем басына жинау. Олардың өнегесі өскелең ұрпаққа үлгі болып, жасөспірімдер мен жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруға бағытталған.

Полицейлер арасындағы алғашқы турнирдің ерекшелігі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Арлан» спорт клубының жетекші спортшыларының қатысуы. Үздік атану үшін 10 елден келген полиция қызметкерлері мен арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жауынгерлері бақ сынайды. Қатысушылар қатарында Азия, Еуропа, Америка және әлем чемпионаттарының, сондай-ақ Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері бар.

Астанада алғаш рет Полицейлер арасында еркін күрестен «Wrestling Stars League» халықаралық турнирі өтеді