2026 жылдың 31 қазан – 13 қараша аралығында Сенегал Республикасының астанасы Дакар қаласында жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары өтуде.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Юн Любовь таеквондодан +63 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола медаль иегері атанды.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының жаттықтырушылары:
Алдабеков Айтжан, Нұрланұлы Мырза – аға жаттықтырушылар, Есмырзаева Альмира – жаттықтырушы.