2025 жылдың 21-26 маусым аралығында Вьетнамның Вунгтау қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында (U17) Азия Чемпионаты өтуде.
Бүгінгі күн нәтижесі бойынша, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы спортшысы Жаңажол Қуанышбек 45 кг. салмақ дәрежесінде сынға түсіп чемпион атанды!
Спортшымызды және бапкерлерімізді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы бапкерлері: Жанбиров Асхат, Тұрсынов Жарқын