26 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті

26 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті

2025 жылдың 26 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлері бұл шараға белсене қатысып, туған қаланың тазалығы мен көркеюіне деген жеке жауапкершілігін көрсетті. Ұжымның негізгі бөлігі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының іргелес аумағын тазалады.

Сонымен қатар қызметкерлердің бір тобы «Жерұйық» саябағына барып, генерал И. Панфилов пен 28 панфиловшы батырға арналған ескерткіш маңындағы аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл арқылы олар қаһармандар рухына құрмет пен тарихи мұраны сақтау ісіне үлес қосты.

Осындай акцияларға қатысу қала экологиясының жақсаруына ғана емес, сонымен қатар туған жерге деген сүйіспеншілік пен таза болашаққа ұмтылыс сияқты ортақ құндылықтар төңірегінде адамдарды біріктіруге ықпал етеді.