2025 жылдың 5-8 қазан аралығында Перу астанасы Лима қаласында дзюдодан жастар арасындағы Әлем чемпионаты өтуде.
«Күрес түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Абдирова Дана -57 кг салмақ дәрежесінде күресіп, күміс медаль иегері атанды.
«Күрес түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушылары – Калтаев Мейржан, Мырзай Бақнұр.
Спортшымызды және жаттықтырушыларымызды үздік нәтижемен құттықтаймыз!