2025 жылдың 25-28 шілде аралығында Малайзияның Кучинг қаласында таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды.
Дүбірлі доданың алғашқы күні «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Ақбота Желеу -46 кг салмақ дәрежесінде күресіп, қола медаль иегері атанды!
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының жаттықтырушылары – Жанбиров Нурболат және Бекқасымов Жалғас.
Спортшымызды және бапкерлерімізді үздік нәтижемен құттықтаймыз!