Алла Цой – Азия чемпионатының қола жүлдегері!

Алла Цой – Азия чемпионатының қола жүлдегері!

2025 жылдың 25-28 шілде аралығында Малайзияның Кучинг қаласында таеквондодан кадеттер арасындағы Азия чемпионаты өтуде.

Дүбірлі доданың екінші күні «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Алла Цой 47 кг салмақ дәрежесінде күресіп, қола медаль иегері атанды!

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының жаттықтырушылары – Асханов Нұрдәулет және Қайырбек Ерасыл, әдіскер – Айтенова Айгүл.

Спортшымызды және бапкерлерімізді үздік нәтижемен құттықтаймыз!