Допингке қарсы ағарту жұмыстары: ұлттық құрама спортшыларына дәріс

Допингке қарсы ағарту жұмыстары: ұлттық құрама спортшыларына дәріс

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК спорт дәрігері Гүлжан Нургалиева дзюдодан ұлттық құрама спортшыларына арнайы дәріс өткізді.

Дәріс барысында спортшыларға допингтің ағзаға тигізетін зиянды әсерлері, тыйым салынған заттар топтары, сондай-ақ допингке қарсы негізгі ережелер мен талаптар туралы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, спортшыларға жарыстарда допинг-бақылаудың жүргізілу тәртібі, жауапкершілік шаралары және әрбір атлеттің өз денсаулығына ұқыпты қарауының маңызы жөнінде нақты мысалдар келтірілді.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – спортшыларды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, таза спорт қағидаттарын насихаттау және ұлттық құраманың халықаралық аренада әділ әрі адал өнер көрсетуіне жағдай жасау.