Баққожа Інжу - Әлем чемпионатының қола жүлдегері!

Баққожа Інжу - Әлем чемпионатының қола жүлдегері!

Грекия астанасы Афина қаласында әйелдер күресінен U17 Әлем чемпионаты өтуде.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Баққожа Інжу 43 кг салмақ дәрежесінде күресіп, қола медаль иегері атанды!

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Садыбеков Арман - аға жаттықтырушы, Нұрғожа Даулет - жаттықтырушы.

Спортшымызды және жаттықтырушыларды үздік нәтижемен құттықтаймыз!