2025 жылдың 25-28 шілде аралығында Малайзияның Кучинг қаласында таеквондодан кадеттер арасындағы Азия чемпионаты басталды.
Дүбірлі доданың алғашқы күні «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Багдат Аманкелді 41кг салмақ дәрежесінде күресіп, қола медаль иегері атанды!
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының жаттықтырушылары – Асханов Нұрдәулет және Қайырбек Ерасыл, әдіскер – Айтенова Айгүл.
Спортшымызды және бапкерлерімізді үздік нәтижемен құттықтаймыз!