Орталық спортшылары U20 Азия чемпионатын аяқтады: нәтиже қандай?

Орталық спортшылары U20 Азия чемпионатын аяқтады: нәтиже қандай?

7–11 маусым аралығында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында U20 Азия чемпионаты өтті.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары байрақты бәсекеде жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ:

Грек-рим күресі бойынша:
1-орын — Сейтқалиев Диас (82 кг)
1-орын — Тұрдақын Темірлан (87 кг)
2-орын — Дүйсембек Омар (77 кг)
3-орын — Шамилов Есбол (63 кг)
3-орын — Дурсунов Алихан (72 кг).

Жаттықтырушылар - Сарсекеев Айдын, Шангитбаев Саясат.

Әйелдер күресі бойынша:
3-орын — Стратан Анна (57 кг)
3-орын — Мақсот Мейрамгүл (72 кг)

Жаттықтырушылар — Сагинтаев Мажит және Ермаков Адилет.

Еркін күрес бойынша:
1-орын — Қасымбек Едіге (125 кг)
2-орын — Айтанов Нурданат (57 кг)
2-орын — Куруглиев Камиль (97 кг)
3-орын — Құл-Ғайып Досжан (74 кг)
3-орын — Оралбек Алан (61 кг)

Жаттықтырушылар — Байгулов Аслан мен Кешубаев Еркебулан.

Командалық есеп бойынша (еркін күрес бөлімі бойынша) Қазақстан құрамасы 3-орынға ие болды.

Спортшыларымыз бен бапкерлер құрамын жүлделі орындарымен құттықтаймыз!