Ағымдағы жылдың 13 қазан күні QAZ NADO Ұлттық антидопинг орталығының маманы Галия Болатовна Жумабаева мен «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-ның спорт дәрігері Гульжан Токтархановна Нургалиева «Адал спорт өзіңнен басталады» тақырыбында таеквондо ұлттық құрама спортшыларына (юниорлар), жаттықтырушыларға және әдіскерлерге дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты – спортшылардың допингке қарсы білімін арттыру, таза спорт қағидаттарын насихаттау және адал бәсекелестік мәдениетін қалыптастыру болды.