Ағымдағы жылдың 9 сәуір күні Алматы облысында өткен оқу-жаттығу жиыны кезінде QAZ NADO Ұлттық антидопинг орталығының маманы Айтолқын Дүйсенбайқызы Дүйсенбай «Спорттағы антидопинг» тақырыбында грек-рим күресі құрама спортшыларына (кадеттер) және жаттықтырушыларға дәріс өткізді.
Дәріс мақсаты - спортшылардың допингке қарсы білімін арттыру, таза спорт қағидаттарын насихаттау және адал бәсекелестік мәдениетін қалыптастыру болды.