«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир

2026 жылғы 23 сәуірде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлері арасында Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Дүниежүзілік үстел теннисі күніне орай, сондай-ақ Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) құрылғанына 100 жыл толуына және алғашқы әлем чемпионатының өткізілуіне арналған турнир өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

1 орын – Балықбай Нұрсұлу

2 орын – Лаубаев Асылхан

3 орын – Жайлаубаев Сергей

Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды, ал барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.