Орталық спортшыларына «Таза спорт – жарқын болашақ» тақырыбында өткізілген дәріс өткізілді

Орталық спортшыларына «Таза спорт – жарқын болашақ» тақырыбында өткізілген дәріс өткізілді

Әлем чемпионаты алдында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны барысында Қазақстан жастар құрамасының таеквондо спортшыларымен антидопинг тақырыбында маңызды кездесу өтті.

«Таза спорт – жарқын болашақ» тақырыбында өткізілген дәрісте спорттағы адалдық қағидаттары, тыйым салынған заттар тізімі, дәрілік препараттарды қабылдау кезіндегі жауапкершілік, БАД қолданудың қауіптері және допинг-бақылау рәсімі жан-жақты түсіндірілді.

Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының бастамасымен ұйымдастырылған кездесуде команда дәрігері Тоқтарбай Бауыржан әрбір спортшының жеке жауапкершілігіне ерекше тоқталып, «рұқсат етілмеген затты білместікпен қолдану да жауапкершіліктен босатпайды» қағидатын атап өтті.

Спортшылар тарапынан нақты жағдайларға қатысты сұрақтар қойылып, толық әрі түсінікті жауаптар берілді.