Досбол Шамил - Әлем чемпионатының қола жүлдегері!

Досбол Шамил - Әлем чемпионатының қола жүлдегері!

Грекия астанасы Афина қаласында грек-рим күресінен U17 Әлем чемпионаты өтуде.

Байрақты бәсекенің екінші күнінде, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Досбол Шамил 65 кг салмақ дәрежесінде күресіп, қола медаль иегері атанды!

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Жанбиров Асхат - аға жаттықтырушы, Тұрсынов Жарқын - жаттықтырушы.

Спортшымызды және жаттықтырушыларды үздік нәтижемен құттықтаймыз!