Қазақстандық дзюдошылар елге оралды

Қазақстандық дзюдошылар елге оралды

Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатынан жүлдемен оралған қазақстандық спортшыларды Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының басшылығы мен ұжымы қарсы алды.

Еске салайық, әлемдік додада Орталық спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 3 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы аралас командалық сында Бразилия құрамасын жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ал Супыгалиева Фатима қыздар арасында Қазақстан дзюдосы тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанып, тарихи жетістікке қол жеткізді.

Қазақстандық дзюдошылар елге оралды