Орталықтың дзюдо шеберлері Еуропа кубогінле жүлделі орындарға ие болды

Орталықтың дзюдо шеберлері Еуропа кубогінле жүлделі орындарға ие болды

Дзюдодан жастар арасында Қазақстан ұлттық құрамасы Испанияның Мостолес қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогінің бірінші күнінде жүлделі орындарға ие болды.

+78 кг салмақ дәресінде күрескен Махатова Руслана алтын медаль иегері атанса, 66 кг салмақтағы Қайырғали Ролан мен 78 кг салмақтағы Тұрлыбек Гүлсезім күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Закиров Мұхамедали 73 кг салмақ дәрежесінде үздік үштікті қорытындылады.

Жарыстың екінші күнінің нәтижесінде, Наукенова Айзат (48 кг) пен Ерұланұлы Санжар (100 кг) сайыс жеңімпазы атанса, Нұрбергенов Омар (81 кг) күміс жүлдеге ие болды.

Сплртшыларымыз бен бапкерлерімізді үздік нәтижемен құттықтаймыз!