Ералы Әскербек – Азия ойындарының қола жүлдегері

Ералы Әскербек – Азия ойындарының қола жүлдегері

2025 жылдың 28-30 қазан аралығында Бахрейннің Манама қаласында  III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өтуде.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Ералы Әскербек еркін күрес бойынша -65 кг салмақ дәрежесінде күресіп, қола медаль иегері атанды.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушысы - Ниязбеков Даулет.