2026 жылдың 12-17 сәуір аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында юниорлар арасындағы Әлем чемпионаты өтуде.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Ерзат Ерасыл таеквондо WT бойынша -48 кг салмақ дәрежесінде күресіп, қола медаль иегері атанды.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушылары - Ким Ёнг Ро, Алдабеков Айтжан.
Спортшымызды және жаттықтырушыларымызды үздік нәтижемен құттықтаймыз!