Аға жаттықтырушылардың жыл сайынғы есебі

Аға жаттықтырушылардың жыл сайынғы есебі

Ағымдағы жылдың 21 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында спорттың бес түрі: грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, дзюдо және таеквондо бойынша «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК аға жаттықтырушыларының жыл сайынғы есебі өтті. Есепті «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры Жандос Жақсылықұлы Үшкемпіров пен спорт жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Адлет Хаджимуратович Кусманов қабылдап, сондай-ақ тиісті федерациялардың өкілдері қатысты.

Іс-шара соңында Республика күніне орай сала дамуына қосқан елеулі үлесі мен жоғары нәтижелі еңбегі үшін бірқатар аға жаттықтырушылар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің марапаттарына ие болды.

Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

Даулет Бауыржанұлы Нұрғожа

Мейрлан Кайратович Баймаханбетов

«Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен марапатталғандар:

Аслан Қасымбекович Байгулов

Асхат Бахытұлы Жанбиров