2025 жылдың 28-30 қазан аралығында Бахрейннің Манама қаласында III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өтуде.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Ибрахим Ысқақбек еркін күрес бойынша -55 кг салмақ дәрежесінде күресіп, қола медаль иегері атанды.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушысы - Ниязбеков Даулет.