Медетбай Ислам – Әлем чемпионатының қола жүлдегері!

Медетбай Ислам – Әлем чемпионатының қола жүлдегері!

2026 жылдың 12-17 сәуір аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында юниорлар арасындағы Әлем чемпионаты өтуде.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Медетбай Ислам таеквондо WT бойынша -55 кг салмақ дәрежесінде күресіп, қола медаль иегері атанды.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушылары - Ким Ёнг Ро, Алдабеков Айтжан.