Дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатының қорытындысы

Дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатының қорытындысы

2025 жылдың 13-14 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта қаласында дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Сайыс нәтижесі бойынша, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары 2 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды:

Күміс медаль иегерлері:

Жеңісұлы Қайрат -60 кг

Салхан Сапарғали -81 кг

Қола медаль иегерлері:

Шугаева Сара -52 кг

Кенескан Ернар -73 кг

Ерғали Томирис -78 кг

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушылары - Мырзай Бақнұр, Калтаев Мейржан.

Спортшыларымыз бен жаттықтырушымызды үздік нәтижемен құттықтаймыз!