Орталық спортшылары күрес түрлерінен Әлем чеипионатын 8 медальмен аяқтады

Орталық спортшылары күрес түрлерінен Әлем чеипионатын 8 медальмен аяқтады

2026 жылдың 27-29 шілде аралығында Әзірбайжанның Баку қаласында 17 жасқа дейінгі (U17) жасөспірімдер арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына жалпы 8 медаль салды.

Грек-рим күресі бойынша Аманәлі Диар (55 кг) әлем чемпионы атанып, алтын медаль жеңіп алды. Алмас Али (48 кг) күміс жүлдегер атанса, Төлеуғали Алинұр (71 кг) қола медаль еншіледі.

Әйелдер күресінде Әбдімәлік Айша (65 кг) күміс медальға ие болды. Ал Баққожа Інжу (46 кг) қола жүлдені қанжығасына байлады.

Еркін күрес бойынша Ағабек Бақдәулет (48 кг) алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар Орынбасар Мардан (60 кг) мен Рыспай Әділет (71 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының жаттықтырушылары:


Грек-рим күресі бойынша: Жанбиров Асхат - аға жаттықтырушы,
Кустубаев Азамат, Тұрсынов Жарқын - жаттықтырушылар.

Әйелдер күресі бойынша: Хамитов Заманбек – аға жаттықтырушы.
Садыбеков Арман – жаттықтырушы.

Еркін күрес бойынша: Мұхтарбекұлы Жасұлан – аға жаттықтырушы.
Лекеров Айдос, Найзабеков Нұрсұлтан – жаттықтырушылар.

Баку төріндегі әлем чемпионатында қол жеткізілген бұл нәтиже – қазақстандық жас балуандардың жоғары дайындығы мен бапкерлер құрамының жүйелі еңбегінің жемісі. Спортшылардың жарқын жеңістері еліміздің күрес мектебінің халықаралық аренадағы беделін тағы бір мәрте айқындай түсті.

Орталық спортшылары күрес түрлерінен Әлем чеипионатын 8 медальмен аяқтады