23–30 қазан аралығында Бахрейннің Манама қаласында ІІІ жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өтті.
Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы таеквондо WT бойынша 2 алтын, 2 күміс, 1 қола, дзюдо бойынша 4 алтын, 5 күміс, 5 қола, әйелдер күресінен 2 күміс, 1 қола, ал еркін күрестен 1 алтын, 5 қола медаль иеленді.
Бұл жеңістер — еліміздің спорттағы болашағының жарқын дәлелі.
Қазақстанның жаңа, жігерлі буыны өсіп келеді. Олар табандылығымен, ерік-жігерімен, жеңіске деген ұмтылысымен еліміздің абыройын асқақтатты.
Біз болашаққа сеніммен қараймыз!