2025 жылдың 25-28 шілде аралығында Малайзияның Кучинг қаласында таеквондодан кадеттер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.
Екі күнге созылған байрақты бәсекеде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары 1 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль иеленді:
Алтын медаль иегері:
Аима Радик (59+ кг)
Күміс медаль иегерлері:
Азим Талгатұлы (37 кг)
Жантөре Сағынғали (65+ кг)
Хамзаальпер Ромашкин (65 кг)
Қола медаль иегерлері:
Айару Меделбекова (41 кг)
Багдат Аманкелді (41 кг)
Аиша Әмір (59 кг)
Алла Цой (47 кг)
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының жаттықтырушылары – Асханов Нұрдәулет және Қайырбек Ерасыл, әдіскер - Айтенова Айгүл.