Қазақстандық дзюдошылар Польшадағы Еуропа кубогінде топ жарды

Қазақстандық дзюдошылар Польшадағы Еуропа кубогінде топ жарды

Польшада өткен кадеттер арасындағы дзюдодан Еуропа кубогында қазақстандық спортшылар жүлдеге қол жеткізді.

Бельско-Бяла қаласында ұйымдастырылған халықаралық додада «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары табысты өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Жаудинов Адильжан +90 келі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ал Жұмажан Інжу 57 келіде күміс жүлдеге ие болса, Баубек Ахмет 60 келіде қола медаль еншіледі.