Грек-рим күресі бөлімінің спортшысы, грек-рим күресінен Әлем чемпионы Жаңажол Қуанышбек спортшылармен еркін форматтағы кездесу өткізді.
Шара барысында спортшылар ашық әңгіме жүргізіп, тәжірибе алмасып, өзара пікір бөлісті. Кездесудің негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау және жас спортшылардың спорттық мәдениетін дамыту болды.
Жиын барысында «Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында бірқатар маңызды тақырыптар қозғалды. Атап айтқанда, «Спорт есірткіге қарсы», «Агрессиясыз спорт» және «Жеңіске жету жолы: тәртіп пен шыдамдылық» мәселелері талқыланды.
Кездесу қатысушылары белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті. Спорттың тұлғалық даму, тәртіп пен жауапкершілік қалыптастырудағы рөлі ерекше атап өтілді.