Қазақстандық таеквондошылар жастар арасындағы Азия чемпионатында тарихты жаңартты

Қазақстандық таеквондошылар жастар арасындағы Азия чемпионатында тарихты жаңартты

2025 жылдың 25-28 шілде аралығында Малайзияның Кучинг қаласында таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Дүбірлі бәсекеде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары 3 алтын, 1 күміс, 7 қола медаль иеленді:

Алтын медаль иегерлері:

Айым Серікбаева (-42 кг)

Бунед Бахрамкулов (-45)

Аружан Найманбаева (-68 кг)

Күміс медаль иегері:

Тоғжан Қазнабек (-59 кг)

Қола медаль иегерлері:

Любовь Юн (-63 кг)

Дәулет Рахимоллиев (-73 кг)

Егор Шаптефраць (+78 кг)

Нұрперзент Саматұлы (-48 кг)

Ақбота Желеу (-46 кг)

Ринат Елібай (-51 кг)

Павел Эм (-59 кг)

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікті қорытындылады!

Айта кеткен жөн, 2005 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатында Ризаев Давранбек жеңіске жеткеннен кейін арада 20 жыл өткен соң, сары құрлықтың басты бәсекесінде Серікбаева Айым, Бунед Бахрамқұлов және Аружан Найманбаева алтын жүлделерге ие болды. Таеквондодан Азия чемпионатында үш бірдей алтын медаль жеңіп алу - Қазақстан спорт тарихындағы бұрын-соңды болмаған жетістік!

Жақсыны айтпаққа демекші, -42 келі салмақта жеңімпаз атанған Айым Серікбаева Азия чемпионатының үздік спортшысы атанды!

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының жаттықтырушылары – Жанбиров Нурболат пен Бекқасымов Жалғас және әдіскер Айгүл Айтенова.

Ертең кадеттер арасындағы Азия Чемпионаты басталады. Споршыларымызға сәттілік тілейміз!