Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының ұжымы спортшыларын күтіп алды!

Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының ұжымы спортшыларын күтіп алды!

23-26 қазан аралығында Бахрейннің Манама қаласында өткен таеквондодан ІІІ жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарынан «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК  Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының ұжымы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайынан спортшыларын күтіп алды!

Байрақты бәсекеде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК  Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Айта кетсек, Серикбаева Айым мен Васенькин Евгений алтын медаль иегерлері атанды.

Сондай-ақ, Махмут Нурали мен Шамуратов Жанайбек күміс медальдарға ие болса, Бахрамкулов Буняд қола медальға ие болды.

Шын жүректен құттықтаймыз!