Дзюдодан кадеттер арасында Еуропа кубогы: алғашқы күннің нәтижесі

Дзюдодан кадеттер арасында Еуропа кубогы: алғашқы күннің нәтижесі

2025 жылдың 22-27 мамыр аралығында Сан-Жуан-да-Мадейра қаласында (Португалия) дзюдодан кадеттер арасында Еуропа кубогы өтуде. Жарыстың алғашқы күні «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкеміпров атындағы жекпе-жек сарайы спортшылары 2 алтын, 4 күміс, 4 қола медальға қол жеткізді. Атап айтқанда:

Алтын медаль иегерлері:

Қабдешов Бақдаулет -60кг;

Жұмажан Інжу -52кг.

Күміс медаль иегерлері:

Батырғали Ернұр -60кг;

Тұрарбек Нұрлыжан -55кг;

Пряхина Ульяна -40кг;

Пердалы Әбіш -50кг.

Қола медаль иегерлері:

Елемес Арсен -55кг;

Ғабит Расулхан -55кг;

Русланова Асель -48кг;

Жылқайдар Мұхаммедали -66кг.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Мыса Арман және Бақтығали Заманбек жарыс чемпионы атанды.

Спортшыларымыз бен бапкерлерімізді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!