Нұрдәулет Құмарұлы - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Нұрдәулет Құмарұлы - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Грекия астанасы Афина қаласында грек-рим күресінен U17 Әлем чемпионаты өтуде.

Байрақты бәсекенің екінші күнінде, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Нұрдәулет Құмарұлы 48 кг салмақ дәрежесінде күресіп, күміс медаль иегері атанды!

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Жанбиров Асхат - аға жаттықтырушы, Тұрсынов Жарқын - жаттықтырушы.

Спортшымызды және жаттықтырушыларды үздік нәтижемен құттықтаймыз!