Сүйінші! Айым Серікбаева – Азия чемпионатының үздік спортшысы атанды!

Сүйінші! Айым Серікбаева – Азия чемпионатының үздік спортшысы атанды!

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Айым Серікбаева - Азия чемпионатының үздік спортшысы атанды!

2025 жылдың 25-28 шілде аралығында Малайзияның Кучинг қаласында таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды.

Дүбірлі доданың алғашқы күні «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Айым Серікбаева -42 кг салмақ дәрежесінде күресіп, алтын медаль иегері атанды!

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының жаттықтырушылары – Жанбиров Нурболат және Бекқасымов Жалғас.

Спортшымызды және бапкерлерімізді үздік нәтижемен құттықтаймыз!