Азия ойындарына дайындық: таеквондошылардың алғашқы оқу-жаттығу жиыны Сеулде өтуде

Азия ойындарына дайындық: таеквондошылардың алғашқы оқу-жаттығу жиыны Сеулде өтуде

Ағымдағы жылдың 15-30 қыркүйек аралығында «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары Бахрейн елінде өтетін таеквондодан Азия ойындарының алдындағы дайындықты пысықтап жатыр.
Оқу-жаттығу жиынының 1-кезеңі Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында өтуде.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушысы – Жанбиров Нұрболат.