Жеңіс күні қарсаңында, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлері Астана қаласындағы тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, құрмет көрсетті.
Біз құрмет көрсеткен ардагерлердің қатарында — Ахметов Тұрсынбай және Илья Амбарцумович. Бұл кісілер соғыс жылдарында тылда ерен еңбек етіп, Жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосқан.
Осындай жандардың ерлігі мен қажырлы еңбегі — бүгінгі бейбіт өміріміздің негізі. Олар — шынайы патриотизмнің, табандылық пен еңбекқорлықтың үлгісі.
Орталықтың атынан ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталып, алғыс айтылды.
Құрметті ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасы жылуын тілейміз!