Көрісу күні – адамдардың бір-бірімен амандасып, өкпе-ренішті ұмытып, ақ тілектерін айтып, татулық пен сыйластықты нығайтатын ерекше күн. Бұл күн – бірлік пен мейірімнің, жақсылық пен ізгі ниеттің мерекесі.
Осы айтулы күні Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының ұжымы бір-бірін құттықтап, ақ тілектерімен бөлісті. Әріптестер бір-біріне амандық, денсаулық, толағай табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.
Көрісу күні әр шаңыраққа береке мен бақ әкелсін.
Ағайын-туыс, дос-жаран аман болып, татулық пен сыйластық әрдайым арта берсін!