«Спорттағы антидопинг» тақырыбында дзюдо құрама спортшыларына (юниорлар) және жаттықтырушыларға дәріс өткізілді

«Спорттағы антидопинг» тақырыбында дзюдо құрама спортшыларына (юниорлар) және жаттықтырушыларға дәріс өткізілді

Ағымдағы жылдың 21 ақпан күні Алматы облысында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны кезінде QAZ NADO Ұлттық антидопинг орталығының маманы Айтолқын Дүйсенбайқызы Дүйсенбай мен «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-ның спорт дәрігері Гульжан Токтархановна Нургалиева «Спорттағы антидопинг» тақырыбында дзюдо құрама спортшыларына (юниорлар) және жаттықтырушыларға дәріс өткізді.

Дәрістің мақсаты – спортшылардың допингке қарсы білімін арттыру, таза спорт қағидаттарын насихаттау және адал бәсекелестік мәдениетін қалыптастыру болды.